Арал аудандық сотында талап қоюшы Б.-ның жауапкер К.-ға балалардың тұрғылықты жерін айқындау туралы талабы бойынша азаматтық іс медиация тәртібімен реттелді.
Талап қою талап қоюшының өтінішіне сәйкес, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотынан балалардың тұрғылықты жері бойынша Арал аудандық сотының қарауына берілген.
Аталмыш істі сот талқылауына дайындау барысында судья тараптарды бітімге шақырып, «Медиация туралы» заңның талаптары мен тиімділігін түсіндірген.
Нәтижесінде тараптар сотқа медиативтік келісім ұсынып, онда татуласқандарын, бірге тұрып жатырғандарын көрсетіп, істі тоқтатуды сұраған.
Сот ұйғарымымен дауды реттеу туралы медиативтік келісім бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.
Арал аудандық соты