Қармақшы аудандық сотында талап қоюшы А.-ның әкесі Ғ.дан алимент өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
Талап қоюшы талабында жауапкер Ғ. әкесі болып табылатынын, қазіргі таңда өзінің күндізгі оқу бөлімінде білім алып жатқанын, соған байланысты материалдық көмекке мұқтаж екенін, алимент бойынша араларында өзара келісімнің жоқтығын көрсетіп, өзі 21 жасқа толғанға дейін жауапкерден 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент өндіруді сұраған.
Сотпен тараптарға дауды татуластыру рәсімдері арқылы шешу құқықтары және олардың құқықтық салдары түсіндіріліп, тараптар сотқа өзара жасасқан татуласу келісімін бекіту үшін ұсынған.
Оның шарттары бойынша, жауапкер талап қоюшыға 21 жасқа толғанға дейін ай сайын келісімде көзделген мөлшерде алимент төлеп тұруға міндеттелген.
Сот ұйғарымен татуласу келісімі бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.
Қармақшы аудандық соты