Қазақстан Республикасы жол жүрісі қағидасының 2-бөлімінің 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, масаң күйде (алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық), реакциясын және назар аударуын нашарлататын дәрілік препараттардың әсерімен, жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін сырқат немесе шаршаулы күйде көлік құралын басқаруға тыйым салынады.
Алайда, азамат Қ. 2024 жылғы 1 желтоқсан күні Шиелі кентінде көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 608-бабының 1-бөлігінің талаптарын бұзған.
Шиелі аудандық сотының қаулысымен Қ. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, он бес тәулік әкімшілік қамаққа алынып, жеті жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды.
Шиелі аудандық соты