Жаңақорған аудандық сотында азамат А-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 283-1 бабының 5-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта, мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерінің тексеруі нәтижесімен құқық бұзушы А. өзінің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын азық-түлік дүкенінде алкоголь өнімдеріне тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдемей, нәтижесінде тауарларға арналған ілеспе жүк құжаттарсыз барлығы 298900 тенге құрайтын 280 дана алкоголь өнімдерін сақтап , бөлшек саудада сатып отырғаны анықталған.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы А. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 283-1-бабының 5-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болып табылатын жалпы саны 280 дананы құрайтын алкоголь өнімдері тәркілене отырып, 129 220 теңге әкімшілік айыппұл салынды. 

Жаңақорған аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған