Фото: ҚФФ
Осы аптаның басында әлеуметтік желіде Қазақстанның бас футбол жаттықтырушысы Станислав Черчесовке қатысты кезекті «тілге қатысты жанжал» басталды. Өткен матчтан кейінгі баспасөз конференциясында журналистердің бірі ұлттық құраманың тәлімгеріне қазақ тілінде сұрақ қойды. Бұған бас жаттықтырушы: «Сіз қазір француз тілінде сөйледіңіз бе?» деген. Бұл жауап ғаламторда айтарлықтай дау тудырды. Sportnews.kz тілшісі Станислав Черчесовтің қазақ тілі пәнінің оқытушысы Қанат Тасыбековпен, сондай-ақ ҚФФ Атқару Комитетінің мүшесі Қайрат Оразбековпен әңгімелесіп, олар болған жағдайды қалай бағалайтынын білді, болашақта ұқсас мәселе туындаса қалай әрекет ету керектігін сұрастырды.
Ол филолог емес, жаттықтырушы
Еске салсақ, бұл Черчесовтің «тіл мәселесін» қозғаған екінші жағдайы. Алғашқы «жанжалдан» кейін Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі бас жаттықтырушы тәжірибелі маманның жетекшілігімен қазақ тілін үйрене бастағанын хабарлады.
-«Оқу барысы туралы ештеңе айта алмаймын. Станислав Саламович екеуміз бір ғана сабақ өткіздік. Адамдар жаттықтырушы бар уақытын футболға арнайтынын түсіну керек, бұл оның негізгі қызметі, сондықтан оның басқа заттарға уақыты аз қалады. Мен қазір футбол федерациясын тілге үйретіп келемін. Онда шамамен 60 адам бар және бұл сабақтар өте жақсы өтеді”, – деп атап өтті Қанат Тасыбеков.
-«Оқу барысы туралы ештеңе айта алмаймын. Станислав Саламович екеуміз бір ғана сабақ өткіздік. Адамдар жаттықтырушы бар уақытын футболға арнайтынын түсіну керек, бұл оның негізгі қызметі, сондықтан оның басқа заттарға уақыты аз қалады. Мен қазір футбол федерациясын тілге үйретіп келемін. Онда шамамен 60 адам бар және бұл сабақтар өте жақсы өтеді”, – деп атап өтті Қанат Тасыбеков.
Тіл маманы бас бапкер үшін қазір бірінші орында футбол тұрғандықтан, ол мемлекеттік тілді жетік деңгейде меңгере алмайтынын түсіндірді.
-«Оны филолог емес, футбол жаттықтырушысы ретінде жұмысқа шақырған», – деді Тасыбеков.
Қайрат Оразбеков те бұл пікірмен келіседі.
-«Менің ойымша біз жаттықтырушыны оның жұмыс істейтін жері немесе тілді білмеуі бойынша бағаламауымыз керек. Черчесов ондаған елдерде, соның ішінде Кореяда, Қытайда немесе Африкада спортшыларды жаттықтыруы мүмкін, алайда бұл ол сол елдердің тілдерін үйренуі керек дегенді білдірмейді. Келісімшарты екі жылға ғана дайындалған. Сондықтан, мұндағы жаттықтырушының ең басты мақсаты – қазақ тілін білу деп ойламаймын. Ел үшін ең алдымен, оның баптауының кейінгі матчтар нәтижесі, яғни жеңіс маңызды. Біз оны осы критерийлер бойынша бағалаймыз. Айта кетсек, бізде бірнеше жыл өз ана тілін үйреніп жүрген жігіттер де бар»,– деп түсіндірді ҚФФ Атқару комитетінің мүшесі.
Черчесовтің тіл үйренуге деген ұмтылысы болды
-«Черчесовтің тіл үйренуге деген ұмтылысы болды. Біз онымен кездестік, таныстық. Бірден барлық бұқаралық ақпарат құралдары оны мемлекеттік тілді үйренетінін болды деп жариялап жіюерді. Алайда, ешқайсымыз қазақ тілін жүз пайыз үйреніп кетеді деп уәде бермедік. Жалпы Станислав Саламович маған жағымды әсер қалдырды. Мен оған бірнеше оңай сөз тіркестерін айтқан кезімде, ол жап-жақсы қайталап шығатын. Өз басым танымал тұлғаны оқытуды үлкен мүмкіндік деп білдім. Мен оған сабақ өткізгім келеді, ол да қызығушылық танытқан болатын. Айта кетсек, ол үшін орыс тілі де ана тілі емес. Ол осетин», – деп түсіндірді маман.
Ол бас жаттықтырушымен сабақ өткізу, ең алдымен, өз әдістемесінің тиімділігін дәлелдеу үшін таптырмас бір мүмкіндік екенін айтты.
-«Қазақ халқының салт–дәстүрі, әдет-ғұрпы меп құндылықтары арқылы тіл үйрену – Станислав Саламович үшін өте қолайлы әдіс. Өкінішке орай, толықтай кірісуге оның уақыты тым аз, сондықтан біз әзірге бір-ақ рет кездестік»,– деп атап өтті филолог.
Жанкүйерлер бас жаттықтырушы мен оның командасынан сәтті ойын күтеді. Тасыбековтың айтуынша, егер команда жеңе бастаса, Черчесовқа бәрі де кешіріммен қарайды.
-«Оған өзін көрсетуге мүмкіндік беріледі деп үміттенуіміз керек. Сабақ кестесін талқылаған кезде, федерациядағыларға сабақ бәріне ортақ жүреді, ал Станислав Саламовичпен бөлек өтеді деп келістік. Жоспар бойынша мен онымен өз әдістемем бойынша айналысуым керек еді, ал басқа мұғалімдер онымен практикалық сабақтар өткізуі қажет болатын. Енді матчтардың көбеюіне байланысты оқу тоқтап тұр немесе кейінге қалдырылды. Келесі аптада кірісуіміз мүмкін»,– деді филолог.
Баспасөз мәслихатынан басталған жанжалға келетін болсақ, филологтың мұны сәтсіздікке ұшыраған қалжыңға ұқсатты.
«Мүмкін, егер ол үнсіз қалса немесе басқа бір зат айтқан болса, мұндай дау туындамас па еді, алайда ол ондай жаман адам емес. Станислав Саламович тік мінезді. Өкінішке орай, мен оны осындай сұрақтарға «дайын жауаптар» беріп үйрете алмадым. Мүмкіндік болмады»,– деп атап өтті Тасыбеков.
Аудармашы керек
Журналистке берілген «сәтсіз» жауапқа келетін болсақ, Қайрат Оразбековтың болған оқиға жайлы өз пікірі бар.
-«Баспасөз өкіліне «Ассалаумағалейкум» немесе басқа да сәлемдесу сөздер де айтса болар еді. Сондықтан мұнда Черчесовтің өзіне сұрақ туындайды, мәселе журналистермен байланыс орнатуға деген ұмтылысы бар ма, жоқ па – сонда. Бірақ қазіргі айтқаным тек ой-толғау. Әрине, ол журналистермен қарым-қатынас жасау үшін бірнеше сөз тіркестерін үйрену керектігін біледі. Жаттықтырушылар басқа елге келгенде, әрқашан жергілікті тілде көрермендерге бір-екі ауыз сөз айтуға тырысады – бұл аудиторияның жағымды реакциясына себеп болады»,– деп атап өтті ҚФФ Атқару комитетінің мүшесі.
Ол уақыт өте келе Черчесов бұл мәселені қолға алып, қоғаммен байланыс орнататынына сенімді.
-«Менің ойымша, тілді үйрену ол үшін соншалықты маңызды емес. Бірінші кезекте бапкер құраманы жаттықтыруы керек. Бұл оның басты міндеті»,– деп атап өтті Оразбеков.
Ол шетелдік жаттықтырушы жұмыс істейтін барлық елдерде міндетті түрде кәсіби аудармашы болуы керек екенін келтірді.
-«Қыр-сырды жақсы білетін аудармашы керек, себебі журналистер түрлі сұрақ қояды. Барлық сұраққа түзу жауап керек»,– деп түйіндеді Оразбеков.
Еске салсақ, бұған дейін көптеген қазақстандықтар оның сөздерін қазақ тіліне немқұрайлылық санап, наразылық білдірді. Тіпті, Қазақстан футбол федерациясынан бас бапкерді жұмыстан шығаруды сұраған.
Министрлік шетте қалмады
Жанжалдан кейін Туризм және спорт министрлігі Қазақстан футбол федерациясына ресми сұрау салды. Құжатта ҚР Конституциясына және «Тілдер туралы» Заңға сәйкес, мемлекеттік тілдің ерекше мәртебесі бар екендігі айтылды. Барлық азаматтар оған құрмет көрсетуге міндетті.
Сондай-ақ, министрлік федерациядан осы оқиға бойынша ресми түсініктемелер беруді, ұлттық құраманың бас жаттықтырушысымен мемлекеттік тілге құрметпен қарау қажеттілігіне қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізуді талап етті.
Өз кезегінде, ҚФФ ресми мәлімдеме жасады. Онда Станислав Черчесовтің қазақ тілі мен еліміздің мәдениетіне үлкен құрметпен қарайтыны және мемлекеттік тілді белсенді үйреніп жатқаны атап өтілді.
Ақпарат көздері: Sportnews.kz