Күріштің суын айтқанда Арал теңізі міндетті түрде қабаттасып отырады. Тіпті Арал теңізін толтыру үшін Қызылорда облысы күрішті қою керек деп те мәселе көтеріп жүргендер бар. Ресми ақпарат орындарының “соңғы 5 жылда алғаш рет Аралға су жіберу жоспары 100%-ға жуық орындалды” деген хабары соңғы күндердегі жақсы жаңалықтың бірегейі болды. Есеп бойынша Аралға 977 млн. текше метр су жіберілген.

Тиісті министрлік мәліметінше “соңғы жылдары теңізге 350-400 млн текше метр су келіп отырса, биылғы жылдың басынан бері бұл көлем 2 млрд текше метрден асты, ал жыл соңына дейін тағы шамамен 500 млн. жіберу жоспарланып отыр. Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Зейнулла Қазтоғановтың мәліметінше «Бүгінгі таңда Солтүстік Арал теңізінің су көлемі 22 млрд. текше метрге жетті. Теңізге осыған дейін вегетация кезінде секундына 7-10 текше метр су жіберілген болса, биыл секундына 60-70 текше метр су жіберілді».

Бұдан бөлек, Ақшатау-Сорғақ және Қамыстыбас көлдер жүйесіне 45 млн. текше метрден астам су жіберілген. Әрине балық шаруашылығы мен туризмді дамытуға тиімді әсер етіп отыр. Өйткені соңғы жылдары Арал теңізінің минерализациясы азайып, балықтың көбейуіне жағымды әсер етуде. Теңіз тартылғаннан бері жергілікті балықшылар жылына 400 тонна ғана балық ауласа, қазір 7,5-8 мың тоннаға дейін балық аулап жатыр”.  

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған