Фото: Pixabay
АСТАНА. KAZINFORM – Қызылорда облысында жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сегіз түрінің бағасы айтарлықтай арзандаған, деп хабарлайды ҚР Сауда комитетінің баспасөз қызметі.
Мәселен жұмыртқа – 559 теңгеден 465 теңгеге дейін (16,8% – ға), қарақұмық жармасы – 321 теңгеден 219 теңгеге дейін (39,5% – ға), күнбағыс майы – 680 теңгеден 593 теңгеге дейін (12,8% – ға) арзандаған.
Одан бөлек әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне кіретін мынадай тауарлардың құны түскен: күріш – 418 теңгеден 392 теңгеге (6,2% – ға), қырыққабат – 134 теңгеден 127 теңгеге (3,1% – ға), пияз – 105-тен 102-ге дейін (2,9%), рожки – 292 теңгеден 285 теңгеге дейін (2,4% – ға), бірінші сұрыпты бидай ұны – 272 теңгеден 247 теңгеге дейін (2,2% – ға).
Жыл басынан Қызылорда облысы бойынша азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі комиссияның 42 отырысы өтті. Нәтижесінде 36 делдалдық схема анықталып, қажетті шаралар қабылданды.