Зулап өтіп жатқан уақыт. Кеше ғана арамызда жүрген Болатбеков Ақылбек Болатбекұлының дүниеден өткеніне міне үш жыл толып отыр.

2021 жылдың қазан айында мезгілсіз өмірден өткен Ақылбек Болатбекұлының еңбек жолы Арал аудандық сотында өтті. 2008 жылы аудандық сотқа қызметке келіп, сот отырысының хатшысы, бас маман-аға сот приставы қызметтерін атқарған.

Ақылбек Болатбекұлын еске алу құрметіне орай 12 қазан 2024 жылы Арал қаласындағы орталық спорт кешенінде шағын футболдан турнир өткізілді.

Аталмыш турнирге Қызылорда облысы бойынша Сот Әкімшілігі
Департаментінің, Арал аудандық сотының, аудан әкімдігінің, аудандық
полиция бөлімінің қызметкерлерінен және достарынан құралған 8
команда қатысты.

Аудандық сот ұжымы, сондай-ақ тіршілігінде онымен араласқан,
үзеңгілес, қатар жүрген жандарда жарыстың басы-қасынан табылып, әдемі
ойын көрсетіп, естеліктерімен бөлісті.

Турнир қорытындысы бойынша І орынды Қызылорда облысы бойынша Сот Әкімшілігі Департаментінің командасы иеленсе, ІІ және ІІІ орындарды №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамамандандырылған балалар, жасөспірімдер мектебінің жаттықтырушылары мен банк құрамалары бөлісті.

Жеңімпаздар мен жүлдегер командалар жарыс кубогымен,
дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Арал аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған