Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабының 1-бөлігімен С.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Іс бойынша С. кәмелетке толмаған балаларын асырап бағу үшін өндіріп алушы Е.-ның пайдасына алимент өндіру туралы сот бұйрығын орындаудан жалтарып, 4 995 006 теңге көлемінде алимент бойынша берешегі жинақталған.
Сот отырысында С. сот бұйрығы шығарылғанын білетінін, жұмысы болмауына байланысты алимент бойынша міндеттемелерін орындай алмағанын көрсетті.
Сот қаулысымен С. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып,
3 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Сырдария аудандық соты