ҚЫЗЫЛОРДАДА «АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
29 қыркүйек 2023. Қызылорда облысының 85 жылдығы аясында «Анаға тағзым» орталығы ел игілігіне табысталды.
ҚЫЗЫЛОРДАДА НЕКЕ САРАЙЫ АШЫЛДЫ
29 қыркүйек 2023. Бұрын отбасылық өмірдегі алғашқы құжатын мейрамханалар мен табиғат аясында рәсімдеген жұбайлар енді бұл маңызды іс-шараны сәні мен салтанаты жарасқан Неке сарайында өткізеді. Аймақтың 85 жылдық мерейтойы мен Қала күні аясында есігін айқара ашқан жаңа ғимарат жас жұбайлардың маңызды қадам жасайтын орны болмақ.
ҚЫЗЫЛОРДАДА 1000 ОРЫНДЫҚ «ӨНЕР ОРТАЛЫҒЫ» АШЫЛДЫ
04 наурыз 2024. Қызылордада жаңадан салынған «Өнер орталығының» салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі, Президент жанындағы әйел[1]дер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнін[1]дегі Ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева қатысты
ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ АШЫЛДЫ
12 сәуір 2024. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласының сол жағалауында бой көтерген заманауи үлгідегі жаңа автовокзалдың ашылу рәсіміне қатысып, қала тұрғындарын құттықтады.
ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАН ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
25 шілде 2024. Қызылордадағы денсаулық сақтау инфрақұры[1]лымы жаңа нысанмен толықты. Сырдың сол жағалауында жаңа қан орталығы ашылды.
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ТАБЫСТАЛДЫ
3 қазан 2024. Қала күні қарсаңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қызылорданың сол жағалауына «Қазгермұнай «БК» ЖШС-нің демеушілік қаражатына салынған Оқушылар сарайы өскелең ұрпақ игілігіне табысталды.
ҚЫЗЫЛОРДАДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
3 қазан 2024. Қала күні қарсаңында Сыр елінде бірқатар әлеу[1]меттік нысан ел игілігіне табысталды. Соның бірі – Үстел теннисі орталығы.