Бүгін – республикалық референдум!
Қызылорда өңіріндегі вахталық әдіспен жұмыс істейтін мекемелер мен әскери бөлімшелердегі 6 учаскеде дауыс беру таңғы 6.00-де басталды.
6 учаскеде 8620 азамат дауыс беруге құқылы.
Айта кетейік, өңірде 492 380 азамат дауыс беруге құқылы. Тұрғындар кешкі 20.00-ге дейін өз аумағындағы учаскелерге келіп дауыс бере алады.