«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры талапкерлерге 850 білім беру грантын бөлді. Өтініштер 1 тамыз бен 17 аралығында қабылданады. Грант иегерлері қыркүйектің басында белгілі болады. Білім беру грантының иегерлеріне оқу ақысы мен шәкіртақы төленеді.
Грантқа үміткер: ҰБТ-дан қажет шекті балл алуы керек. Қаңтар, наурыз, негізгі және тамыз ҰБТ сертификаттарының бірін ұсынуға болады. Мемлекеттік немесе өзге да грант иеленбеуі керек; Жасы 29 – дан аспауы керек.
Конкурсқа ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы жағдайы төмен отбасылардан шыққан тұлғалар; жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; мүгедектігі бар азаматтар; мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар; 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан азаматтардың балалары; 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде жараланған балалар; төтенше жағдайлар кезінде қаза тапқан азаматтардың балалары қатыса алады.
Конкурсқа қатысу үшін 17 тамызға дейін, қоса алғанда жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына құжаттар тапсыру керек. Оқу орны құжаттарды қарап, ҰБТ нәтижесіне қарай білім беру гранты тағайындалатын үміткерлердің тізімін жасайды. Ал грант тағайындалатын талапкерлердің тізімін «Қазақстан халқына» қорының басқармасы бекітеді.
Конкурсқа қатысу үшін үміткер сауалнама-өтінімі, келісім-хат және білім беру гранты тағайындалатын санатқа тиесілі екенін растайтын құжаттарды ұсынуы қажет.
ҰБТ нәтижесі (түпнұсқа); үміктердің жеке куәлігінің көшірмесі керек.
Ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы жағдайы төмен отбасыларынан шыққан тұлғалар: атаулы әлеуметтік көмек алатыны жөнінде анықтама не болмаса әлеуметтік көмек алушының анықтамасын (egov.kz-тен), ағымдағы жылға өзекті немесе аз қамтылған отбасы екенін растайтын анықтаманы әкімдік не жұмыспен қамту орталығынан алуға болады; Жалпы орта білім туралы аттестаттың көшірмесі де керек.
Жетім балалар, немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар: ата-анасының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі, немесе ата-анасының жоқтығын растайтын өзге де құжаттар, ата-ана құқықтарынан айыру туралы, шектеу туралы, хабар-ошарсыз кетті деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау, әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімі; баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарттың көшірмесін тапсыруы керек.
Мүгедектігі бар тұлғалар үшін үміткердің мүгедектігі туралы анықтама – медициналық әлеуметтік сараптамасы керек.
Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан тұлғалар: үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі және отбасы мүшесі қатарындағы мүгедектігі бар баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; отбасындағы балалардың 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланың мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесін ұсынады;
Құжатттама негізінде жасалатын «Қазақстан халқына» қорының анықтамасын ұсынады:
2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде қаза тапқан азаматтарының балалары; 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде жараланған балалар; төтенше жағдайлар кезінде қаза тапқан азаматтардың балалары.
Құжаттардың көшірмесі куәландырылуы керек. Қор қажет болса қосымша құжаттарды сұрай алады.
Қаңтарда қаза тапқан азаматтардың балалары және қаңтарда жараланған балалар, төтенше жағдайлар кезінде қаза тапқан азаматтардың балалары үшін жеке шоттар ашылып, әрқайсына құжаттама жасалады. Құжаттамаға ену үшін qazaqstanhalqyna.kz арқылы atamekenim.kz платформасында келесі құжаттарды тіркеп, өтінім беруі керек: өтініш берушінің/ баланың жеке куәлігі; ҚР азаматының қайтыс болғаны туралы куәлік/анықтама; қайтыс болған адаммен туыстығын растайтын құжат: баланың туу туралы куәлігі, қажет болған жағдайда дербес деректердің өзгеруі туралы анықтама.
Білім беру грантының иегерлеріне барлық оқу жылына 1 миллион теңгеге дейін оқу ақысы төленеді. Білім гранттары 92 оқу орнына бөлінді.
Аlikhan Bokeikhan University – 11; Astana IT University – 2; Esil University – 12; Азаматтық авиация академиясы – 2; Логистика және көлік академиясы – 5; Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы – 9; Ақтөбе өңірлік уни верситеті – 20; Алматы энергетика және байланыс университеті – 2; Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті – 5; Алматы Менеджмент Университеті – 10; Алматы технологиялық университеті – 10; Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты – 13; Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті – 25; С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті – 7; Баишев Университеті (Ақтөбе қаласы) – 3; С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті – 10; Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан университеті – 8; А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты – 6; Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – 15; Еуразия технологиялық университеті – 3; «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университеті – 5; Қ.И.Сәтбаев атындағы Екібастұздық инженерлік-техникалық институты – 9; І. Жансүгіров атындағы университет – 7; Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті – 7; Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті – 5; М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті – 8; М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті – 12; Еуразия инновациялық университеті – 3; Қазақ спорт және туризм академиясы – 12; Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты – 3; С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті – 8; Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті – 20; Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті – 5; Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті – 20; С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті – 25; Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті – 25; Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 15; Қазақстан Американдық еркін университеті – 5; Қазақ-Британ техникалық университеті – 3; Алматыдағы Қазақ-Неміс университеті – 2; Қазақстан-Ресей медициналық университеті – 4; Қазақстан Инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті – 5; Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері универсиеті – 14; Қазақ технология және бизнес университеті – 7; Қарағанды индустриалды университеті – 3; А. Сағынов атындағы Қарағанды тех никалық университеті – 7; Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті – 15; Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті – 12; Каспий қоғамдық университеті – 3; Ш. Есенов атындағы Каспий технология и инжиниринг универсиететі – 10; А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті – 8; Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті – 9; М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті – 2; А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті – 25; Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті – 15; Астана медициналық университеті – 12; Қарағанды медициналық университеті – 5; Семей медициналық университеті – 5; ХҚТУ – 15; Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз инновациялық институты – 10; Халықаралық көлік-гуманитарлық университеті – 2; Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті – 10; Халықаралық білім беру корпорациясы – 14; Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті – 5; Халықаралық Астана университеті – 18; Павлодар педагогикалық университеті – 20; Рудный индустриалды институты – 3; М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті – 10; М.Х.Дулати Тараз өңірлік университеті – 21; Торайғыров университеті – 21; А. Қуатбеков атындағы халықтар достығы университеті – 5; СДУ – 10; Ж.А. Тәшенов атындағы университет – 5; Шәкәрім атындағы Семей университеті – 11; М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ – 15; К. Сағадиев атындағы халықаралық бизнес университеті – 5; НАРХОЗ Университеті – 14; «Тұран» университеті – 5; «Тұран-Астана» университеті – 8; Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті – 25; Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы – 10; М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті – 20; Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы – 5; Қазақ ұлттық өнер академиясы – 5; “Шабыт» Қазақ ұлттық өнер университеті – 7; Мәскеу авиациялық институтының «Восход» филиалы – 1; Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалы – 2; Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті – 2; Қызылорда ашық университеті – 2; «Bolashaq» академиясы – 2; «Q» University – 2;Атырау инженерлік-гуманитарлық институты – 2 грант бөлінген.
Стипендия төленеді. Барлық оқу жылына ай сайын 40 мың теңге шәкіртақы төленеді. Шәкіртақы жазғы демалысты қоспағанда 10 ай бойы беріледі.
Білім беру гранты бір рет беріледі. Бұл ретте екінші жоғары білім алуға жол берілмейді. Студенттің өзі оқуды жалғастырмауды қаласа; үлгерімі төмен болғаны үшін оқудан шығарылса; оқудың екінші жылына қалдырылса; күмәнді ақпарат, дәйексіз құжаттар ұсынса білім беру гранты тоқтатылады.
Студент басқа оқу орнына ауысқан кезде грант сақталуы мүмкін. Шешімді Қор Басқармасы қабылдайды. Академиялық демалыс уақытында, сондай-ақ академиялық ұтқырлық бойынша басқа елде оқу кезінде де сақталады.
Мемлекеттік білім грантын алған тұлғалар «Қазақстан халқына» қорының грантына құжат тапсыра алмайды. Мемлекеттік гранттан бас тартып, Қордың грант конкурсына қатысуға болмайды. Ақылы негізде оқуға құжат тапсыратын талапкерлер ғана қатыса алады. Олар грант нәтижесі шыққанша ректорға шартты түрде оқуға қабылдау туралы өтініш жазады.
Мамандықтар бойынша шектеу жоқ. Студент қазірдің өзінде «Қазақстан халқына» қоры грантының иегері болса, ол басқа факультетке ауыса алады және құжаттарды қайта тапсырудың қажеті жоқ.
Грант тағайындалатын үміткерлердің тізімін жоғары оқу орны жасайды және конкурстық комиссиясы отырысының хаттамасы ретінде рәсімделеді. Грант берілетін талапкерлердің тізімін «Қазақстан халқына» қорының бассқармасы бекітеді. Бұл ретте Қор үміткердің бағдарлама критерийлеріне сәйкестігіне ғана қарайды.
Қор бөлетін гранттар өтеусіз, қайтарымсыз көмек, сондықтан грант иегерілеріне оқуын аяқтағаннан кейін оны өтеу міндетті емес.
Үміткер дәл биыл емес, осыған дейін мектеп, не колледж бітірсе де грант байқауына қатыса алады. Алайда жоғары білім алған үміткер тағы да жоғары оқу орнына түсіп жатса, онда ол байқауға қатыса алмайды.
Байқау шартында оқу құны бойынша шектеме бар. Қор әр студенттің 1 млн. теңгеге дейін жылдық оқу ақысын төлейді. Оқу ақысы одан көп болса, онда айырмашылықты студенттің өзі төлейді.