2024 жылдың 31 шілде күні 17 сағат 33 минут өткенде Сол жағалау шағынауданында ашық жерде 1 гектар алаңда құрғақ шөптің жануы орын алды. Өрт оқшауланды. Қатты жел мен жоғары ауа температурасына қарамастан, өртті сөндірді. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеті нәтижесінде өрт ауыздықталып, зардап шеккендер жоқ.
Төтенше жағдай туындаған кезде 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыздар!