Арал аудандық сотында талап қоюшы «M» ЖШС-нің жауапкер Н.-дан несие қарызын өндіруді сұраған азаматтық ісі медиация тәртібімен реттелді.
Іс құжаттарына сәйкес, жауапкер талап қоюшыдан 79 580 теңге несие қарызын алған. Жауапкер қарызын қайтару жөніндегі борышын уақытылы орындамау себепті қарыз ақшасына сыйақы мен өсімпұл қосылып, жалпы берешек қарызы 122 951 теңгеге жеткен. Осыған орай, талап қоюшы соттан алажақ қарыз ақшасын өндіріп беруді сұраған.
Судья медиатор тараптармен әңгімелесу барысында, оларды бітімге шақырып, сотқа дейінгі хаттама жасау арқылы татуласудың тиімділігі мен салдарын түсіндірген.
Медиациялық келісімге сәйкес, жауапкер талапты мойындап, берешек қарызын талап қоюшыға 2024 жылдың шілде айынан бастап ай сайын 11 937 теңгеден төлеп тұруға міндеттенген, ал талап қоюшы келісім талаптарын қабылдап, іс жүргізуді тоқтатуға келісімін берген.
Сот ұйғарымымен дауды реттеу туралы келісім бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.
Арал аудандық соты