Қармақшы аудандық сотында талап қоюшы микроқаржылық ұйымы жауапкер Б.-дан несие қарызын өндіруді туралы талап қоюмен жүгінген.
Іс құжаттарына сәйкес, жауапкер талап қоюшыдан 3 887 775 теңге несие қарызын алған. Жауапкер қарызын қайтару жөніндегі борышын уақытылы орындамау себебінен қарыз ақшасына сыйақы мен өсімпұл қосылып, жалпы берешек қарызы 4 634 129 теңгеге жеткен. Осыған орай, талап қоюшы соттан қарыз ақшасын өндіріп беруді сұраған.
Сот отырысында құжаттар жан-жақты тексеріліп, талап қоюшының талап қоюы ішінара қанағаттандырылып, жауапкер Б.дан талап қоюшының пайдасына барлығы 4 605 459 теңге өндіру туралы шешім шығарылды.
Қармақшы аудандық соты