Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап несие алу үшін міндетті түрде жұбайының рұқсаты қажет. Ол келісімді қашықтан да бере алады, – деп хабарлайды Massaget.kz.

1 қыркүйектен бастап Қазақстанда 1 АЕК (3 692 00 теңге) сомасына кредит алуға болмайды – АРРФР тиісті қаулы шығарды. Енді несие беруші жұбайының бар-жоғын азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесі (АХАЖ АЖ) арқылы тексереді немесе несиелік бюролардан ақпарат алады.

Келісім электрондық түрде немесе жазбаша нысанда қағаз жүзінде несие алушының «электрондық үкімет» порталы арқылы немесе сервистері арқылы берілуі мүмкін. Жұбайының келісімі шартқа қол қоймас бұрын әрбір несиеге қажет және ол шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін жарамды.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған