Қызылорда облысы өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім көрсеткішінің өсу қарқыны бойынша көш бастап тұр. Облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев Қызылорда облысына іс-сапармен келген Премьер-Министрге өңірдегі өнеркәсіптің дамуы туралы баяндады. 2024 жылдың 5 айында экономиканың осы секторы 6,3% өсім көрсетті, инвестициялар көлемі 40%-ға өсті, оның 80% – жеке салымдар. 2024-2028 жылдар аралығында 8,4 мың жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 1,1 трлн. теңгеге 76 жобаны іске асыру көзделген. Осы жылдың өзінде 32,4 млрд. теңге сомасына 15 жоба іске қосылмақ.

Шыны зауытының іске қосылуы дамуға айрықша серпін берді, онда қазіргі таңда шыны кластерін құру жұмыстары басталды. Кәсіпорын жұмыс істеген уақыт ішінде 27,3 млрд. теңге сомасына 20,8 млн. м2 шыны өндірілді. Бүгінде кәсіпорын $15 млн. көлеміндегі өз қаражатына қуаты жылына 5 млн. м2 болатын энергия үнемдейтін шыны шығаратын жаңа желіні іске қосты.

Олжас Бектенов Қазақстан экономикасы үшін маңызды жобаларға қаражат салуға дайын инвесторларға қолдау көрсету қажеттігін атап өтті.

Үкімет басшысының өңірге жұмыс сапары аясында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесіне назар аударылды. Атап айтқанда «Қызылорда – Жезқазған», «Қызылорда – Үшқұдық» автомобиль жолдарын салу және «Қызылорда – Ақтөбе» автомагистралін реконструкциялау жобалары бар. Көлік министрлігіне қажетті жұмыстарды жүргізуге және жобаларды уақытылы аяқтауға тиісті құжаттарды ресімдеу жөнінде тапсырмалар берілді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған