24 маусым – судья және сот қызметкері күніне орай, Қызылорда облыстық сотының судьясы Турбаев Ермек Боранбайұлы және Жалағаш аудандық сотының төрағасы Мизанбаев Асылхан Абитханұлы Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының «Үш би» құрмет белгісімен марапатталды.

«Үш би» құрмет белгісі сот төрелігін жүзеге асыру кезіндегі ерекше табыстары, көп жылдық еңбегі, мінсіз беделі, белсенді қоғамдық қызметі үшін беріледі.

Марапат иелерін  құттықтай отырып, қызметтеріне абырой, отбасыларына амандық, барша игі жақсылықтарды тілейміз!

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған