Ертең, яғни 8 маусым күні Бейбітшілік көшесі, 80 мекенжайындағы «Абай Даулет» ЖШС мекемесінің автотұрағында «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының және «Абай Даулет» ЖШС ұйымдастыруымен кезекті жәрмеңке өтеді.
Жәрмеңкеде өңірлік тұрақтандыру қорынан алынған әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер және корпорация серіктестерінің тауарлары мен «Абай Даулет» ЖШС өнімдері төмен бағада сатылатын болады.
©«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі