Қызылорда облысының аумағында 2024 жылғы
3 – 4 маусым аралығында «Жер-2024» РКШОЖ өткізілуде.
Оқу-жаттығудың тақырыбы: «Жойқын жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштер мен құралдарын дайындау».
Жалпы облыс бойынша оқу-жаттығуға 472 адам мен 154 бірлік техника жұмылдырылуда.
Оқу-жаттығуға «Волонтеры Кызылорды» қоғамдық қоры және Қазақстан Республикасы «Қызыл Ай Қоғамы» Қызылорда облыстық филиалының еріктілері белсенді түрде қатысуда.