Суға түсу маусымы басталысымен аптап ыстықта судың жағасына келіп, салқындағысы келетін тұрғындар көбіне қауіпсіздік қағидаларын қаперіне де ілмей, түрлі жағдайларға душар болып жатады. Оған  бүгін суға шомыламын деп мертіккен  екі жасөспірімнің өлімі дәлел.

Аталған оқиға  бүгін,  2024 жылғы 1 маусым күні 112 құтқару қызметіне сағат 18:27 минутта Қызылорда қаласы маңындағы “Ягодка” саяжайындағы  Сырдария өзенінде шомылып жүрген 2008және 2009 жылғы екі бала суға кеткені жөнінде хабар түскен. Оқиға орнына Жедел құтқару жасағы жұмылдырылып, құтқарушылар су асты  іздестіру жұмыстарына кіріскен.  Нәтижесінде  жағадан 30 метр қашықтықтан сағат 19:30 шамасында 3 метр тереңдіктен 2009 жылғы жасөспірімнің денесі табылса,  сағат 19:35 минут шамасында 35 метр қашықтықтағы 3 метр су астынан 2008 жылғы баланың мәйітін сыртқа шығарып,  ата-аналарына табысталды. Айта кетейік, қаза тапқан екі жасөспірім де Қызылорда қаласы Н.Ілиясов атындағы 9 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушылары.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған