2024 жылдың 01 маусым күні 13 сағат 07 минут өткенде Шиелі ауданы №13 өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне Шиелі кенті Көкшоқы мөлтек ауданы Ө. Жарықбаев көшесінің бойында жеңіл автокөлік жанып жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті.
Өртті сөндіруге 4 қызметкер және 1 техника жұмылдырылды. Шиелі кенті Ө.Жарықбаев көшесінің бойында “Kia Sportaqe” маркалы жеңіл автокөлігі құжаттарымен толығымен жанғандығы анықталды. Өрт 13 сағат 12 минут өткенде толығымен жойылды. Өрт оқиғасы салдарынан зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ.