Атап айтқанда, өңірлік еріктілер облыста салынып жатқан әлеуметтік нысандарға, оның ішінде «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасының іске асырылуы жөнінде атқарылып жатқан жұмыстарға  мониторинг жасады.

Еріктілердің ұсынысымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында, құрылыс нысандары жанынан «Call center – 1424» нөмірі көрсетілген арнайы тақырыптағы баннерлер орнатылды.

Айта кету керек, облыста 2024-2025 жылдарға «Жайлы мектеп» жобасы аясында 86,2 млрд. теңгеге 12 300 орынға арналған 21 мектеп салу көзделген.

Мектеп құрылыстарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жұмыстары және видео мониторинг (бақылау) шаралары құрылыс объектілеріне орнатылған арнайы бейне камералар арқылы жүргізіледі.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған