Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаев:
– Аймағымызда Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген 3843 ардагер бар. Оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары төртеу ғана. Қазалы ауданында біреу, Сырдария ауданында біреу, Қызылорда қаласында екеу.
Бүгінгі күнге облыстағы осы Ұлы Отан соғысының қатысушыларына 1 млн 606 мың теңгеден теленді. Бұған қосымша облыс әкімінің қолдауымен тағы да 904 мың теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек төленеді, қазір құжаттарын рәсімдеуде. Ұлы Отан соғысының қатысушыларына барлығы 2 510 560 теңгеден төленетін болады.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған 4 ардагерлерге 221,5 мың теңгеден төленді;
30 Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, қайтыс болған, хабарсыз кеткен жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің жұбайларына 147,6 мың теңгеден төленді;
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында тылда кемінде алты ай жұмыс істеген 1990 адамға 147,6 мың теңгеден төленді;
530 Ауған соғысының қатысушы мен мүгедектеріне 147,6 мың теңгеден төленді. Бұған қосымша Ауған соғысының 35 жылдығына орай жергілікті уәкілетті органдардың шешімімен 36,9 мың теңгеден қосымша бір реттік әлеуметтік көмек төленеді, тиісті құжаттары рәсімделуде. Қызылорда қаласы мен Арал, Жаңақорған аудандары төлеп қойды.
Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген 631 адамға 147,6 мың теңгеден төленді; Басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарының 596 ардагеріне 147,6 мың теңгеден төленді;
Чернобыль, Семей, Ауғанстанда, немесе ұрыс қимылы болған басқа да мемлекеттерде қайтыс болған әскери қызметшілердің 58 отбасыларына біржолғы әлеуметтік көмек төленді. Барлық жекелеген санаттағы азаматтарға облыс бойынша 579 млн 679 мың теңге қаржы төленді.