Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында өңірлік білім беру мекемелері директорлары мен есепшілеріне «Адалдық. Заң. Ашықтық» тақырыбында ашық-форсайт өткізілді.
Іс-шараға «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес төрағасы М.Нәлібаев, өңірлік Антикор өкілі Ж.Қозбағарова, Қызылорда облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкілі Д.Шәріпбаев, қалалық білім бөлімінің басшысы Е.Боданов, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының профессоры А.Мадалиева мен доценті А.Аяғанова, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің комплаенс-офицері Ә.Жаппасбаев спикер ретінде қатысты.
Кездесу барысында, Мақсұт Ыбрайханұлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жетілдіру жолдары мен оның алдын алудың негізгі құралдары жайында сөз қозғаса, Дәурен Сақтапбергенұлы өз кезегінде, адам құқығының қорғалуы, заң талаптарының орындалуы туралы айтып, тәжірибесімен бөлісті.
Антикор өкілі тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы тиісті шаралар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасынан туындайтын міндеттер, сондай-ақ осы саладағы заңнаманы нығайту мақсатында енгізілген жаңашылдықтар, оның ішінде жемқорлық фактілері туралы хабарлаған тұлғаларды қорғау шаралары туралы айтылды.
Сонымен қатар, арнайы мамандар қатысушыларға «Заң нормалары», «Адалдық принциптері», «Комплаенс функциялары» тақырыптарында арнайы мамандар түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.