– Қызылорда облысында мәдениет саласы қарқынды дамып келеді. Бұл көпке үлгі-өнеге болар игі қадам.
Мәселен 2024 жыл Сыр өңірінде «Руханият жылы» болып жарияланды.
1000 орындық «Өнер орталығының» ашылуына куә болдық. Наурыз мерекесіне орай «Жыраулар үйі» ашылады. Сондай-ақ облыстық тарихи-өлкетану мұражайының құрылысы басталып, 7 ауданда заманауи руханият орталығы бой көтеруде.
Сондықтан халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымы киелі Сыр елін еліміздің «Ең үздік мәдени өңір» деп тануының өзіндік мәні бар деп білеміз.
Осынау мәртебелі құрмет, лайықты жеңіс құтты болғай!
Әрине, бұл халықтың рухани баюына, дәстүрлі әрі отбасылық құндылықтардың сақталуына ықпал етері сөзсіз.
Сондай-ақ Қызылордада «Анаға тағзым» атты республикалық аналар форумы өтті.
Форумда өскелең ұрпақты тәрбиелеу, отбасы мәртебесін көтеру, адамгершілік-отбасылық құндылықтарды қалыптастырудың өзекті мәселелері талқыланды. Бұл да игі іс-шаралардың бірі деп есептейміз.
«Сыр елі – жыр елі» атанған қасиетті Қызылорда өңірінің өркендей беруіне тілектеспін!