Жалпы орта білім беретін мектептердің 58-і лицей, гимназиялар, атап айтқанда 47-і лицей, 11-і гимназия. Оның ішінде, рейтингтегі орта деңгейде 29: Аралда №62, Қармақшыда №279, Жалағашта №№31, 32, Сырдарияда №№35, 42, 129, Шиеліде №№46, 48, 127, 153, 252, Жаңақорғанда №№110, 195, Қызылордада №№1, 4, 7, 9, 10, 11, 12, 15, 136, 187, 212, 217, 235, 268, 278), орта дейгейде Қармақшы №105, №284, Қызылорда қаласындағы №282, №285 мектеп-лицейлері төменгі деңгейде.
Лицей, гимназиялардың жұмысына жан-жақты талдау жасалып, нәтижесі төмен мектептердің статусына қатысты нақты шешімдер қабылданады.
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» №473 бұйрығының талаптарына сәйкес, тиісті бейіндер бойынша жоғары және бірінші санаттағы педагогтердің, педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің үлесі лицей үшін 40 %-дан кем болмау керек.