«Қызылорда қаласының Талсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты «Талсуат ауылдық клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны басшысы азаматтық А1-4 бос лауазымына конкурс жариялайды.
Конкурс өткізу күні: конкурс өткізу хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң.
Конкурс өткізу орны: Қызылорда қаласы, Талсуат ауылдық округі, Талсуат ауылы, Ақмешіт көшесі № 62 байланыс телефоны 8(7242)21-71-07 е.mail: talsuat23@mail.ru
Қызметтік міндеттері: коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жарғысына сәйкес қызметін қамтамасыз ету және жалпы басшылық.
Үміткерлерге қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мәдениет туралы», «Тіл туралы», «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы»,«Мемлекеттік рәміздер туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы, Еңбек кодексі, Бюджет кодексі және басқа нормативтік құқықтық актілерін білу.
Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестациялау, сондай-ақ, оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды қабылдау осы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде жүргізіледі.
Қажетті құжаттар тізімі:
1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2. Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3. Еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4. нотариалды куәландырылған білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5. нотариалды куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі;
6. Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралыҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада № 21579 болып тіркелді. № 075 нысаны бойынша анықтама.
7. 3х4 өлшемдегі 2 сурет.
Конкурсқа қатысушы комиссия қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, наградалары туралы қандай да болмасын деректі расталған ақпаратты ұсынуға құқылы.