Күні кеше ғана, 7 қаңтарда 58 жасқа толған, бұған дейін де үлкенді-кішілі қызметтің ащы-тұщы дәмін татқан, бұған дейін облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарып келген Серік Салауатұлы Қожаниязов қала әкімі болып тағайындалды. Ал бұрынғы қала әкімі қызметін атқарған Асылбек Шәменов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы лауазымына тағайындалды.
Қазіргі облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кезінде қала әкімі лауазымынан Премьер-министр кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі лауазымына қызмет ауыстырған еді. Сол қызметті бір жыл атқарып, облыс әкімі болып елге оралды. Асылбек Шаменов те Нәлібаев ізімен Президент Әкімшілігіне өсіп барады…