«Жастар Рухы» Жастар қанаты нашақорлық пен синтетикалық есірткінің жастар арасында таралу мәселесімен күресіп келеді. «Есірткіге жол жоқ!» жобасы бастау алғалы Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп қаламызда есірткі құралдарының жарнамасы бар граффитилер жойылған болатын.

Адамзат өміріне қауіп төндіретін есірткінің зиянын түсіндіре отырып, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 12 тамыз – халықаралық жастар күніне орай қалаға қарасты ауылдық округ және кент жастарының арасында спорт түрлерінен сайыс өтті. Қалалық жастар ресурстық орталығымен бірлесіп өткізген спорттық шараға 100-ден аса жас тіркелді. Қатысушылар волейбол, үстел теннисі, қол күрес, гір тасын көтеру бойынша сынға түсті. Сайыстың жеңімпаздары арнайы медаль және алғыс хаттармен марапатталды.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған