«AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанына құрылған Партиялық бақылау комиссия төрағасының орынбасары Жорабек Нұрымбетов бастаған облыстық және қалалық комиссия мүшелері қаладағы Жанқожа батыр көшесіндегі N5 мекен жайындағы 375 орынға арналған №3 IT-лицейінің бастауыш оқу ғимаратының құрылысымен танысты.
«AMANAT» партиясының «Жол картасы» шеңберінде қаламызда Партиялық бақылау бекеттері ашылуда. Қазіргі таңда білім ошақтарына Үкімет және партия тарапынан айрықша көңіл бөлінуде. Себебі, бүгінгі күннің басты мәселесі – білім экономикасының әлауқатын арттыру.
Сондықтан, Партиялық бақылау комиссиясы «Жол картасына» енген маңызды нысандарға ұдайым мониторинг жұмыстарын жүргізіп тұрады.
– Балаларға жаңа оқу жылына жаңа оқу ғимаратында білім алуына берілген мүмкіндікке біз де өз үлесімізді қосуда сапалы құрылыс материалдарымен салуға тырысып жатырмыз. Алдағы 1 ай 10 күн мерзім ішінде ғимаратты толықтай бітіру үшін ішкі және сыртқы түрлі жұмыстарды бір- біріне кедергі келтірмей атқаратын 10 бригадамен бірлесіп жұмыс жасап, оқу ғимаратының кілтін табыстаймыз. Оған еш кедіргі жоқ, барлық қажетті құрылыс материалдары алынып қойылған, жұмыс жасауға толықтай мүмкіндік бар”- дейді “Ахат-ГС” ЖСШ директоры Мырзабай Шалғынбаев.
Айта кетейік, партияның Жол картасына сәйкес Сырдың бас шаһарында 4 мектептің жанынан қосымша құрылыс жүргізілуде.