Аудан әкімі Берік Сарменбаев Тереңөзек кентінде құрылысы басталған күріш ақтау зауытының жұмысымен танысты.
Жеке кәсіпкер Шыңғыс Күлімбетов өз қаражаты есебінен 220 млн. теңге және «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы арқылы 102 млн. теңге несие алып күріш ақтау зауытының қойма, асхана, қырман ғимаратының құрылыс жұмыстарын жүргізген.
Қазіргі таңда зауыттың жұмысын кеңейту бағытында ғимаратты шатырлау, жаңа технологиямен жабдықталған құрал-жабдықтар орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Жеке кәсіпкер 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтыған.
Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар