Бүгін «AMANAT» партиясы облыстық филиалының өкілдері партияның «TazaLike» жобасы аясында Қызылорда өңірінің тарихи ерекшеліктерін айшықтайтын Сырдария өзенінің жағасында орналасқан «Сыр-Ана»монументі айналасына ағаш отырғызды.Сыр-Ана монументінің биіктігі 39 метр. Ескерткіш пішіні биіктеген сайын өз діңгегінің айналасында оралып, әсем бейне қалыптастырады. Жоғарғы жағы қазақ әйелінің бейнесін айшықтайтын сәукелеге ұқсас жасалған. Сәукеле бейнесіндегі мұнара басын жайғалған күріш бейнесіндегі бөлшек аяқтайды. Қызылорда облысы Қазақ елін күрішпен қамтамасыз етеді. Сондықтан, күріш – Қызылорда облысының белгісі. Монументтің самал желмен бұйраланған етегі Сырдарияның бұйра толқындарын бейнелейді. Сырдария өзені облыс шаруашылығында маңызды рөл ойнайды.«Партиялық жоба аясындағы сенбілік жұмыстарының «Сыр ана» монументі жанында ұйымдастырылудың да мәні бар. Себебі «Сыр- Алаштың анасы» деп бекер айтылмайды. Жаугершілік замандарда қазақтар Сырдария бойын паналаған. Одан бөлек Сырдарияның бойымен Жібек жолы кереуені өткен және оның бойында тарихи қалалар орналасқан. Монументтің дария бойына орналасуы Сырдария өзенінің талайға пана да, ана да болғанын көрсетеді. Тарихтан сыр шертетін монумент жанына келіп сеурендеп дем алушылар да көп. Сондықтан егілген ағаштарымыз көгеріп, болашақта таза ауа беріп ғана қоймай, қала сәнін аша түсе дейміз»,- дейді партия филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова.
Атқарушы хатшының айтуынша «TazaLike» партиялық жобасы аясында бүгін партияның аумақтық филиалдары, бастауыш партия ұйымдары, сонымен қатар партияның «Жастар рухы» жастар қанаты да сенбілік жұмыстарын жүргізуде. Ағаш егу, тазалық жүмыстары «Мәңгілік алау», Ұлы Отан соғысы ардегерлерінің үй ауласы, сонымен қатар тарихи ескерткіштер мен скверлерде жүргізілген.