Ұлыстың ұлы күні мерекесі қарсаңында облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақта[1]ғанов «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітін[1]дегі «Наурыз шапағаты» қайырымдылық акциясына қатысты. Қайырымдылық акциясы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қолдауымен ұйымдастырылды.

– «Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларында ең алдымен халықтың әл-ауқатын арттыруға, азаматтардың тұрмысын жақсартуға баса назар аударып келеді. Соның бірі – мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік төлемдердің сақталу кепілдігі. Былтыр облыста 100 мыңнан астам халықтың әлеуметтік осал топтарына 7,2 млрд. теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді. Үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде облыстық бюджеттен бөлінген 170,3 млн.теңгеге 7 әлеуметтік жобаны іске асырды.

Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға 50 пәтерлі, тұрғын үйі апатты деп танылған жерлестерімізге 60 пәтерлі жаңа арендалық көпқабатты тұрғын үй тарту етілді. Кеше сол жағалаудан тұрғын үйі апатты деп танылған тұрғындарға тағы 40 пәтерлі жаңа көпқабатты тұрғын үйдің кілті табысталды.

Біздің өлкеде жабырқағанның жанынан та[1]былу, несібесі кем түскенге қол ұшын беру сын[1]ды адамгершілік қағидаттың қазығы үлкен ықы[1]ласпен қағылған. Сыр өңірінің жомарт азаматтары әлеуметтік нысандар салуға да зор үлес қосуда. Күні кеше дәулеті мен сәулеті келіскен облыстың бас шаһарындағы әуежайдың жаңа терминалының іргетасы қалануына куә болдық. Жаңа терминал құрылысы жерлесіміз Болат Өтемұратов қорының қаржысы есебінен жүзеге асырылуда. Нысанның құны 31 млн. АҚШ долларын құрайды. Құрылыс жұмыстары 2024 жылы толық аяқталып, ел игілігіне беріледі», – деді Н.Сақтағанов.

Іс-шарада Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Әбуов сөз сөйлеп, жерлестерін Ұлыс[1]тың ұлы күнімен, Наурыз мерекесінің ізінше басталатын қасиетті Рамазан айымен құттық­[1]тады. Қайырымдылық жасаудың қайыры мен шапағаты туралы айтты. Акция барысында 30 «Газель» автокөлігінен құралған қайырымдылық керуеніндегі 1000 азық-түлік жинағы аз қамтылған отбасыларға таратылды. Жалпы «Наурыз шапағаты» акциясында 2 мыңнан астам отбасына азық-түлік көмегі көрсетілді.

Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған