Наурыз- еліміз үшін жыл бастауына айналған көктемнің басты мерекесі. Бар[1]лық жақсылық, береке бірліктің бастауына айналған һәм «Ұлыстың ұлы күні» атала[1]тын бұл мейрамның тарихы тереңде жатыр.
Ашаршылық жылдары, Ұлы Отан соғысы, ұлт зиялылары мен ұлт құнды[1]лықтарына қарсы дүркін-дүркін шабуылдар халқымыздың салт-дәстүрлері мен әдет[1]ғұрпының үкісін қисайтуға тырысып бақты. Тіпті, ашаршылық жағадан алған тұста жарапазан жас балалардың нан сұрап жеу тәсіліне айналғаны шындық. Еліміздің солтүстік бөлігінде көрісу ғұрпы санадан өшкен. Бұл қиын кезең Әз- Наурызымызға да әсер етпей қоймады. Осы тұста «Ұлт жоқ. Ұйысқан Одақ қана бар» деген кеңестік дәуірдің солақай саясатының салдарынан 70 жылдай ұлт мерекесі терең зындан түбінде бұғауланғанын білеміз. Содан да болар әр жыл сайын 31 желтоқсан түні жаңа жылды табалдырықтан аттатқан кейбіреулер төл мейрамды мойындамайды да. Мұның бәрін бүгінгі жастың кемшілігі деу жөн бола қоймас. 70 жыл кеңестік идеология құрбаны болған мерекенің көптеген ырым- жоралғылары кейінгілерге таныс та емес.
Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс[1]салтында бағзы заманнан бері орын алған. Яғни, бұл күн тек қазақ халқы ғана емес, қандас бауырларда да ерекше мәртебеге ие. Көктемнің мерекесі, жаңару, жаңа күннің жақсылық пен игіліктің бастауы болған мейрамды барша түркі әлемі өз тіліндегі ерекшеліктеріне тән: Наурыз, Невруз, Навруз, Ноовруз, Новруз Байрам, Гүлновруз, Нардуган, Гүл Гардон деген әр түрлі атаулар берген. Қазіргі таңда әр елде мекен еткен түркі және Иран халықтарының Наурызды тойлау және мерекені атау ерекшеліктері әр түрлі болғанымен, әлі күнге дейін сақталып қалған бір ерекшелік, мерекеде міндетті түрде Наурыз көже мен сол елдің ұлттық тағамдары дайындалады.
Жылдың бастапқы мерекесін өзбек ағайындар жыл сайын өзінше ерекше атап өтеді. Жылдың басын қалай бастасақ соңы да сол күйде аяқталады деп сенетін өзбек бауырлар ең алдымен бір- бірінен кешірім сұрасып, амандық, саулық тілеседі. 21- Наурыз күні ұлттық киімдерімен жер-жерде өнер көрсетіп, әтеш пен ит шайқастырып, ат шабыстырады. Өзбекстан халықтарының бұл мерекедегі басты тағамдары «Сумаляк» дайындалады. «Сумаляк» – бидай мен ұнның қосындысынан жасалатын өзбек ұлтының ұлттық тағамы.
Жаңа маусым басталатын «Наурыз Байрамын» Түркіменстан өзінің салт-дәс[1]түрімен, ырым-жоралғыларымен бастайды. Сонымен қоса Түркімен елінің қасқырға жақсы шабады деп сенген асыл тұқымды «Алабай» иттерінің шайқасын ерекше тамашалайды.
Тәжікстан халқы Ұлыстың Ұлы күнін «Навруз» деп атайды. Бұл күндері тұр[1]ғындар ерекше ықыласпен сәлем берісіп, көріседі. Тәжікстанда «Навруз» мейрамы[1]ның басты тағамы дәнді дақылдардан қосып жасалатыны – палау мен кәуап.
Ыстамбұлда Наурыз, «Султан-ы Невруз» немесе «Невруз Султан» деген атаулармен аталады. Түрік елінде де Наурыз мейрамына қатысты өз ырым-жоралғылары бар. Дәстүрге сай адам Наурыздың алғашқы күнінде не көрсе жыл бойы сонымен бірге болады деп сенген. Сол себептен мейрамға дайындалып, өзіне ұнайтын дүниелерін сатып алуға тырысады. Бауырлас түрік елінде мерекенің негізгі символы- от. Жергілікті халық алдымен оттан секіріп, кейін Түркияның ежелгі дәстүріне сай қызып тұрған темірді балғамен соғады. Бұл- түріктердің жаугершілік замандағы батырлығы мен ержүректілігінің белгісі. «Султан-ы Неврузда» түрік халқы жапы[1]рақшамен дайындалған бөрек, юфка, леб[1]леби, локум және тәттілердің сан алуан түрлерін жасайды.
Қырғыз көршілер Наурыз мейрамын тойлауы өзбек ағайындарға ұқсас келеді. Татулық пен бірлікті, денсаулық пен ұзақ өмірді, молшылық пен жақсылықты біл[1]діретін Қырғыз ұлтының ұлттық тағамы- «Сүмөлөк» және Наурыз көже дайын[1]далады. Сүмөлөк тағамы халық арасында «су» және «періште» сөздерінен құрал[1]ғандықтан қасиетті тағам деп есептеледі.
Қазақ халқы ұлтымыздың ұлық мейрамы, күн мен түн теңесіп, тіршіліктің, жаңа күннің бастауы болған – Наурыз мерекесін ел болып ерекше атап өтеді. Наурыздың басты тағамы- жеті түрлі өнімнен жасалатын Наурыз көже. Сонымен қоса еттен, ұн және ағарғаннан жасалатын тағамның барлық түрі дастарқанға қойылады. Мейірімділік пен қамқорлықтың айы болған Наурыз мейрамында тұрғындар үй-үйді аралап ізгі тілектер айтылып, үл[1]кендер бата береді.
«Наурызда Самарқанның көк тасы да жібиді» деген сөздің астарында үлкен мән жатыр. Наурыз тек күн мен түн теңесіп, тіршілік атаулыға жан бітетін мейрам емес. Бұл – бірлік пен еңбектің, мейірімділік пен ізгіліктің, достық пен татулықтың мерекесі.
Көктемнің жарқын мерекесі – Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы. Жыл өткен сайын елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналып, жаңа мазмұнмен, жара[1]сымды сән-салтанатымен түрлене түсуде.
Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, шаруаның бір малы екеу болып, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мерекесі Тәуелсіз еліміздің зор ықыласпен тойланатын нағыз халықтық сипаттағы салтанатына айналды.
Ата-бабадан қалған мереке Сыр өңі[1]рінде де ерекше атап өтілді. Қызылорда қаласының орталық алаңында «Бірліктің бастауы, елдіктің дастаны-Наурыз» атты мерекелік іс-шара өтті. Орталық алаңда 38 киіз үй тігіліп, әр үйге атау беріліп, бауырсақ пен наурыз көже таратылды. Алаңның әрбір нүктесінде мереке ажарын ашатын спорттық шаралар ұйымдастырылып, бұқара халық арасында ұлттық спорт түр[1]лерінен жарыстар өткізілді. Мерекелік іс-шараға эстрада әншілері Кенжебек Жанабилов, Мөлдір Әуелбекова, Ғазизхан Шекербек және Сыр жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтті.
Салтанатты шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, шаһар басшысы Асыл[1]бек Шаменов, ҚР Парламент Сенатының депутаты Руслан Рүстемов және тағы да басқа ел ағалары қатысты. Іс-шараға қатысқан көпшіліктің арасында Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақов та бар. Облыс әкімі өз құттықтау сөзінде:
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өткен жылы наурыз айын[1]дағы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында еліміздің жаңа тари[1]хи кезеңі төл жаңа жылымыздан бастала[1]тынын айтты. Біз өткен жылды жемісті қорытындыладық, зор жетістіктерге қол жеткіздік. Жақсылықтың жаршысы болған биылғы жылды толайым табыстармен бастадық. Сыр халқы қай кезде де Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа бастамаларына ерекше қолдау көрсетіп келеді. Бүгінгі Ұлыстың Ұлы күніндегі ниеттеріңіз, игі тілектеріңіз қабыл болсын! Қолға алған істеріңіз нәтижелі, еліміз ты[1]ныш, Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!- деді.
Аймақ басшысы тұрғындарды Ұлыс[1]тың Ұлы күнімен құттықтап болған соң, қазақы нақышта құрылған киіз үйлерді аралап, мекемелердің жыл бойында жеткен жетістігін тамашалап, мерекеге арнайы жайылған дастарханнан дәм татты.
– Халқымыз үшін жаңарудың белгісіне айналған Наурыз мерекесіне орай бүгін қаламызда мерекелік іс-шара керемет өтуде. Жыл сайынғы дәстүрді жалғау мақсатында отбасыммен бірге орталық алаңға келдім. Барлығы жақсы ұйымдастырылған-, деді қала тұрғыны Байтасов Ғани.
– Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шара жақсы деңгейде өтіп жатыр. Келген адамдардың бәрі риза. Алайда, ескере кететін бір жағдай халық арасындағы мәдениеттің төмен болуы. Адамдар тамаққа таласып, бір-бірімен жаға жыртысуға дейін баратыны өкінішті. Бұл жердегі басты мақсат тамақ ішіп, қарын тойдыру емес. Басты мақсат- дәстүрімізді жалғау мақсатында ұйымдастырылған мәдени іс-шараға қатысу және қолдау. Мәдени шара болғандықтан сәл болса да, мәдениеттілік сақталу қажет еді. Бірақ аталмыш жағдай тек бүгін ғана емес, жалпы басқа да шараларда орын алатыны рас-, деді орталық алаңға келген қала тұрғындарының бірі.
Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келген Қызылорда облысының құрылғанына 85- жыл толуына орай, Нұрлыбек Нәлібаев бастаған бір топ азамат 85 нәрестенің тұсауын кесті. Қаз-қаз басқан балапандарға ақсақалдар бата беріп, елдің амандығын тіледі.
Мұхаммедшах Каюп
Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар