Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министірлігінің 2013 жылғы 11 наурыздағы №162 бұйрығына сәйкес, көктемгі кезеңде жол төсемі бөлігінің бұзылуын болдырмау мақсатында жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автожолының 1240-2055,5 шақырымы аралығына және республикалық маңызы бар А-17 «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» автожолының 12-76 шақырымы аралығына 2023 жылдың 1 наурызы мен 1 сәуірі аралығында уақытша әрбір оське түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Халықаралық жүк тасымалына, зардап шеккен адамдарға гуманитарлық көмек көрсететін, азық-түлік тасымалдайтын, сондай-ақ төтенше жағдайларды жоюға және алдын алу жөніндегі іс-шараларын жүзеге асыратын автомобильдерге шектеулер қойылмайды.
«Қазақавтожол» ЖШС
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қызылорда облыстық филиалдары