Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Утегенов Амиржан Сермаханұлы барлық аудандардағы полиция бөлімдерінде және ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінде іссапарда болды. Іссапар барысында полиция бөлімдерінде жеке құраммен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен берілген нұсқауларды жеке құрамға жеткізіп, қызметкерлердің жұмыс атқару жағдайымен танысып, өз тарапынан нақты тапсырмалар берді. Амиржан Сермаханұлы сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілікті еске салып, заңнамадағы жаңа өзгерістер туралы айтты. Оның ішінде ішкі істер органдарында енгізілгелі жатқан Integrity Check жоба арқылы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы беріктігін тексеру де бар.
Жалпы парасаттылыққа, адалдыққа тексеру – мемлекеттің, ішкі істер органдарының имиджін көтеруге, халықтың билікке деген сенімін арттыруға септігін тигізбек. Осы ретте жиынға қатысқан жеке құрамға Мемлекет басшысымен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында берілген тапсырмалар жеткізілді.
Полиция полковнигі Амиржан Сермаханұлы: «Құрметті әріптестер! Сіздердің әрқайсысыңыз халықпен тығыз байланыста болғандықтан, парасаттылық үлгісін қалыптастыру керексіздер. Қызмет атқару барысы әрдайым бақылауда. Яғни тергеу құрылымдары, патрульдік, ювеналдық, көші-қон саласы, учаскелік полиция пунктері, кезекші бөлімдер және т.б. барлығы тексерілетін болады. Ол жерде қызметкерлердің сыпайылығына, азаматтармен қарым-қатынасына, ең бастысы азаматтардың өтініштеріне жедел түрде іс-әрекет етулеріне басымдық беріледі.
Қызметкерлердің сыртқы келбетіне назар аударылып, материалдық-техникалық жабдықталуы, қызметтік планшеттерді, бейнетіркегіштерді және қызметтік автокөліктерді мақсатты пайдаланулары да тексерілетін болады. Сондықтан талапқа сай қызмет етіңіздер!»-деп жиынды қорытындылады.
Осы тұрғыда ғимараттардың жылу жүйесінің үздіксіз жұмыс жасауы, техникалық қорғалу жағдайы, тазалығы, қолда бар құрал-жабдықтарды ұқыпты пайдалануы, арттехқару-жарақ мүліктерінің сақталуы, көлік құралдарының техникалық жағдайы, түнгі мезгілде бөліністердің автотұрақтарына шоғырлану тәртібі, жанар-жағармай материалдарының электронды карточкалық жүйеге көшуіне байланысты дұрыс пайдалануы, жеке құрамға тиесілі заттай нормаларды беру мәселесі қатаң басшылыққа ала отырып, тиісті шаралар атқарылатындығын ескертіп, көтерілген сұрақтарды толықтай қамтып өтті.
Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар