Бүгін Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын болдырмау және оның алдын алу мақсатында, «AMANAT»партиясының Қызылорда қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес кеңесінің көшпелі отырысы өтті.Кеңес отырысы құрамы Мұсаева Гүлшат Исақызы, Айтбенбетов Болатбек Серікұлы және Кенжалиев Димаш Абатұлы Қызылорда қалалық №6 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда атқарылып жатқан шаралар, ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі бойынша атқарылып жатқан жұмыстар түсіндірілді.Басқосуда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты және парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру, жемқорлықпен күресті күшейту, ақпараттандыру, түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша мәселелер талқыланды. Кездесуде№6 өрт сөндіру бөлімінің басшысы Самат Болатұлы мекемедегі сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарымен таныстырды.#ОСПК#КенесОтырысы

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған