Үкімет үкімі: ҚОЛДАН КЕЛМЕСЕ, ОРЫНДЫ БОСАТЫҢЫЗ
Премьер-министр Әлихан СМАЙЫЛОВ: Мемлекет басшысы бізден «Жаңа жылға Үкіметтің қазіргі құрамымен аяқ басуға бола ма?» деген сұраққа нақты жауап күтеді. Мен премьер-министр ретінде президент жүктеген міндеттерді орындауға әрі тиімді шешуге бар күшімді саламын. Біздің жұмысымыздың нәтижесін қазақстандықтар сезінуі керек. Талап өте жоғары. Ал «қолымнан келмейді, шешім қабылдай алмаймын» десеңіздер, қазірден орынды босатыңыздар. Халыққа шын жаны ашитын, мойнына жауапкершілік алып, батыл шешім қабылдайтын адамдармен ғана жұмысты жалғастырамыз. Сонда көздеген мақсатқа жетуге болады.
Үкімет басшысының 2002 жылдың 14 желтоқсанда Үкімет отырысында сөйлеген сөзінен