Бүгін Теміржолшылардың мәжіліс залында «AMANAT» партиясының XXIVсъезіне қатысқан делегаттары Мақсұт Нәлібаев пен Базара Танбаева Магистральдық желі бөлімше қызметкерлерімен кездесті.
Кездесуді «Магистральдық желі бөлімшесі» басшысы, БПҰ төрағасы Ибраким Басықараев ашып, партия съезінде ел болашағы үшін Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде партия атынан ұсынған Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан делегаттармен мақұлданғанын және партиямыздың жаңа Саяси тұғырнамасы бекітілгенін айтып өтті.
Кездесу барысында сөз алған делегаттар съездің күн тәртібінде көтерілген мәселелерге толығырақ тоқталды. Одан бөлек халықтық коалицияның құрылғанын, онда түрлі саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер бірігіп ортақ үміткер ұсынғанын және оны бірауыздан қолдағандарын айтты.

  • Әр түрлі саяси ұйым өкілдерінің бағыты мен мақсаттары, арман-тілектері бір жерге тоғысты. Бәрі елдің жаңаруын, әділетті мемлекеттің құрылуын күтіп отыр. Оны коалиция форумында қалың бұқараның пікірлерінен аңғардым. Елдің амандығы мен мемлекеттің тұтастығын сақтау сіз бен біздің қолымызда. Қазіргідей геосаяси ахуалда, әлем ядролық қатердің алдында тұрғанда елді сеніп тапсыратын лайықты тұлға керек. Сондықтан партия съезінде күрделі кезеңнің өткір мәселелері талқыланды. Ел болашағы үшін маңызды саяси науқанды өткізгелі отыр. Коалияция форумында ұсынған кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастаған реформаларын бірігіп жүзеге асыруға ат салысу керек.-деді съезд делегаты, «AMANAT» партиясы Теміржол филиалының Атқарушы хатшысы Базара Танбаева.
    Сөз кезегін алған съезд делегаты, облыстық мәслихатының депутаты Мақсұт Нәлібаевта қазіргідей шешуші тарихи кезеңде қоғам болып ауызбіршілік танытып, Президент бағытына қолдау көрсетудің маңызды екенін айтып өтті.
    Кездесу соңында еңбек ұжымы Ел Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы реформаларды жүзеге асыратындарын партия съезінің шешімдерін толық қолдайтындарын жеткізді.

AMANAT

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған