▪️Байқоңыр қалалық сотында кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндетін орындамаған екі азаматшаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды.

▪️Сотта анықталғандай, екі жасөспірім қыз дүкеннен ұсақ тұрмыстық заттарды жасырын ұрлаған.

▪️Сот отырысында ата-аналары балаларының жасаған әрекеті үшін өкінетіндерін, кешірім сұрайтындарын көрсетіп, қатаң жаза тағайындамауды сұраған.

▪️Сот қаулысымен екі азаматша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысына 55 048 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Байқоңыр қалалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған