"Ақмешіт ақшамы"

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Жарық неге жанбайды?

ByQAA.kz

Қар 18, 2021

Қызылорда қаласындағы «Ақжол, Қойсары батыр, Сәулет 33, К.Рүстембеов және М.Жұмабаев» атындағы 5 көшесін жарықтандыруға 2020 жылы 80000,0 мың теңге қаражат бөлінген. Жобаны аяқтауға 2021 жылға облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасына 30000,0 мың теңге бөлуге бюджеттік өтінім ұсынылғанымен қаржы бөлінбеді. Енді келер жылғы осы жобаны аяқтау үшін қажетті 30000,0 мың теңге бөлуге бюджетке өтінім жасалды.

Қызылорда қаласындағы Әл-Фараби ауданындағы жеке тұрғын үй секторының инженерлік инфрақұрылымына – 101 703,0 мың теңге, Қызылорда қаласындағы Қарауылтөбе ауданындағы жеке тұрғын үй секторының инженерлік инфрақұрылымына – 366 087,0 мың теңге, Қызылорда қалсындағы Арай-Шұғыла жеке тұрғын үй секторының инженерлік инфрақұрылымына – 100 987,0 теңге, Қызылорда қаласындағы Ақжарма ауылдық округі жеке тұрғын үй секторының инженерлік инфрақұрылымына – 489 414,0 мың теңге, Қызылорда қаласындағы қуаттылығы 70 мың м3/тәулігіне модульді биологиялық тазарту станциясының сыртқы инженерлік желілері (электр және газбен жабдықтау) құрылысына – 316 290,0 мың теңге, Қызылорда қаласының Жаппасбай батыр көшесіндегі 50 пәтерлі №1 тұрғын үйдің сыртқы инженерлік желілері құрылысы жобасы негізінде электр жүйесі, жылу жүйесі, ауыз суға – 22 697,4 мың теңге, Қызылорда қаласы Талдыарал елді мекеніндегі тұрғын үйлердің электр желісі құрылысына – 47 278,0 мың теңге қажет. Осы қаражаттар бюджеттен бөлінер болса жарыққа жарымай отырған көп тұрғындардың мәселесі шешілер еді.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған