QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

ЖҰРТ ТАЛАП АЛЫП КЕТУДЕ

ByQAA.kz

Мау 10, 2021

Ал ағаштың пәлсапасын білетін мамандар аспаптан бөлек жиһаз, ағаштан жасалатын керек жабдықтарды әзірлеуде. «Қыстаубаев» жеке кәсіпкерлігі мемлекеттік қолдау аясында 15 миллион теңге несие алып, жиһаз жасамақ ниетпен іс бастапты. Бүгінде бұл мамандарға сенім артып, үйінде жайлы көрініс жасауды сеніп тапсыратындардың қатары артқан. Жиһаздан бөлек, үй ішіне әр бергіш дүниелер, дайын душ пен әжетхана, тіпті үй жануарлары ит-мысыққа да арнайы үйшіктер жасауда. Кәсіпкердің өнімдерін өзге өңірлер талап алып кетуде. Оның ішінде Шымкент көш бастап тұрған көрінеді. Сонымен қатар, көршілес Қырғызстанның да сенімінен шығып, сол жақтың нарығына да маң-маң басып кіріп келе жатыр екен.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған