QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

ҚЫЗЫЛОРДА -БОРЫШКЕРЛЕР МЕКЕНІ?..

ByQAA.kz

Мау 11, 2021

«Казтрансгаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы директорының бірінші орынбасары Қалдығұлов Ермек Калдығұлұлы:
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚАРЫЗЫ 1 МИЛЛИАРД 246 МЛН ТЕҢГЕ


Қазіргі таңда Қызылорда қаласы және Қызылорда облысы бойынша пайдаланылған газға төлемейтіндердің саны артып отыр. Бүгінгі күнге Қызылорда облысы бойынша тұтынушылардың қарызы 1 миллиард 246 млн теңгені құрайды. Сондықтан, жылыту маусымы аяқталуына байланысты және келесі жылыту маусымының алдында дайындық ретінде, қарызды жинау мақсатында, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы қарызы бар тұтынушыларды газ жабдықтау жүйелерінен ажыратуға мәжбүр болып отыр, өйткені тұтынушы түбіртекке сәйкес пайдаланылған газдың ақысын келесі айдың 25-не дейін төлеуі керек.
Өткен жылы COVID-19 коронавирустық инфекциясының пандемиясына байланысты карантин кезеңінде, сондайақ жылыту кезеңін ескере отырып, жеке тұлғаларға газ төлемдерін кейінге қалдырған. Бұл ретте төлемдердің мерзімін өткізіп алғаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеу тоқтатылған болатын, сондай-ақ Филиал қиын уақытта тұтынушылардың қаржылық жағдайын назарға ала отырып, абоненттерді газ жүйелерінен ажырату жұмыстарын жүргізген жоқ. Алайда, уақытылы төлемегендіктен дебиторлық берешектің өсуіне әкелді.

Төлем жасамаса «Су жүйесі» қалай күн көрмек?


«Қызылорда су жүйесі» сандық технологияны жатырқамай, кезең кезеңімен ақылды болып келеді. Ақылдылардың ұсынып отырған арнайы құрылғысының көмегімен судың қайда, қанша кетіп жатқанын толық бақылауға болады. Көбіне, ақылды құрылғыны жеке кәсіпкерлер орнатуда. Ал жеке тұрғын үйге орнатылатын модемдер қарызы бар тұрғындарды анықтап, орталыққа хабарлап отырады.
Бүгінгі таңда қызылордалықтар суға 500 миллион теңгеден аса ақша қарыз. Мамандардың айтуынша бұл көрсеткіш елдегі ең жоғарғыларының бірі. Ақылды модемді орнату арқылы, қарыз тұрғындарға шектеу қоюға да, су ұрлау фактілерін анықтауға және пысықсынып, шөтшіктерінің көрсеткішін қолдап айналдырушыларды мәлім етеді.
Қазірдің өзінде мекеменің 27 қызметкері қарызы бар үйлерді аралауға шыққан. Алайда, бұл түгел қаланың қарызы барларын қамтуға жеткіліксіз. Егерде, барлық тұрғын үйге сандық модем орнатса, су жүйесінің жұмысы жеңілдейтін еді.

  • Бұл біздің қызметкерлер мен тұрғындардың уақытын үнемдейді. Бұған дейін мекеме қызметкерлері әр үйге барып, қағаз толтырып біраз уақытын алады. Ал модемнің көмегімен орталықта отырып-ақ, біраз шаруа тындыруға болады,-дейді мекеме басшысы Марат Жәмиев.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған