QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Тіл мәртебесін көтеру баршамыздың азаматтық борышымыз

Автор:QAA.kz

Окт 21, 2021

«Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас. Білгенге маржан, білмеске арзан, надандар бәһрә ала алмас», — деп ұлы Абай атамыз тіл құдіретін осындай сипатта жырлап кеткен. Қазақ халқы – кешегі от ауызды, орақ тілді билеріміз бен шешендігімен қалың жұртты ауызына қаратқан абзал бабалардың ұрпағы. Әрине, бұл уәжбен сөзсіз толық келісуге болады. Сол бабаларымыздан мұра ретінде қалған тілімізді бүгінгі заманда мемлекет деңгейінде толығынан пайдалану — әрбір Қазақстан азаматының парызы болуға тиіс. Жазушы Ғабит Мүсірепов өз заманында: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді», — деп тайға таңба басқандай анық та айқын көрсетіп берген болатын. Тіл, Ұлт, Тәуелсіздік атаулары біз үшін қасиетті ұғымдар. Жүрегі елім деп соққан әрбір адамның өзінің халқына, тіліне деген ерекше сезімі болатыны сөзсіз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде. В.Радлов айтқандай, қазақ тілі – ең таза әрі бай тілдің бірі. Тіл өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты байланыстыратын құрал. Меніңше, тілдің тұғыры да, тағдыры да бесіктен, отбасынан басталады. Отбасында ана тілінде сөйлеп өскен бүлдіршіннің тілге деген ықыласы терең, құрметі биік болады» — деп, мемлекеттік тіл мәртебесіне баса назар аударды.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы «Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек»,- деді.

Қазіргі тіл саясатының шешуші кезеңінде азаматтардың, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне жағдай жасалуда. Осы міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік тілге байланысты барынша оңды жағдайлар жасалып, тіл үйрету курстарының нәтижелілігін арттыру үшін нақты шаралар жүзеге асырылуда.

Мемлекеттік тілді құрметтеу, қадірлеу, сыйлау, сауатты жаза білу әр азаматтың борышы екендігін түсіне білетіндер тіл мәселесіне жауапкершілікпен қарауда.

Қазақ тілін білу, құрметтеу – жалпы Қазақстан халқының парызы, ата-бабаларымыздың алдындағы борышымыз. Сондықтан да алдағы даму жолымыз да, көрінетін болашағымыз да қазақ тілімен тұтас байланысты болуы қажет.

Қызылорда қаласының №2 сотының бас маманы М.Бекетова

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *