"Ақмешіт ақшамы"

Сарқылмасын Сыр-Ана!

«ТАЗАЛЫҚТЫҢ» ТЕХНИКАСЫ ТОЗЫП ТҰР

ByQAA.kz

Қар 18, 2021

Қала тұрғындарын толғандырып тұрған, сондай-ақ қала билігі үшін де қиын болып тұрған қоғамдық көлік, жарық мәселесімен қатар тазалық мәселесі де күн тәртібінен түспей тұр. Қала әкімдігіне қарасты сала мамандарының зерттеуінше тазалықтың техникасының 77 пайызы тозған. Ал қалған 23 пайыз техника қаланы түгел қамти алмайды. Қол күшінің де құдыреті жетпейді. Содан да жарықты, суды, көлікті жақсартуға талдау жасаған мамандар тазалыққа да талдау жасап, қажетті техникалардың сипаттамасын, қаржысын зерделеп, мәселені шешудің ең тиімді жолы 1 927 920 мың теңгеге 86 қажетті техника сатып алу қажет деп отыр. Жаңадан техникаларды сатып алмайынша қала тазалығын жақсарту мүмкін еместігі белгілі.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған