QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

ТАҚТАЙШАЛАР КӨБЕЙДІ

ByQAA.kz

Мау 17, 2021

Қаламыздың су айдындарында, әсіресе, Сырдария өзенінде жыл сайын азаматтардың әртүрлі себептермен қайғылы жағдайларға ұшырауы, оның ішінде жаз айларында суға түсу маусымында судағы адам қазасының көбеюі өзекті мәселе болып отыр. Жалпы төтенше жағдайлардың түрі бойынша адамдардың судағы қазасы бірінші орында тұр. Елімізде 2021 жылғы суға шомылу маусымы басталғанға дейін су айдындарында 81 адам суға батып кетті, оның ішінде: 39 бала. Қызылорда қаласы бойынша 2021 жылғы 3 маусымдағы жағдайға сәйкес қала аумағындағы су айдындарында 5 жасөспірім бала қаза болды. Оның ішінде суға шомылу кезінде 4 бала, сәтсіз жағдайда 1 бала қаза болды..
Суда адамдардың қаза болуының негізгі себебі қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзуы болып табылады. Атап айтсақ: өзен немесе каналдардың кез келген, әрі зерттелмеген (ағысы жылдам, терең, жағалары тік жар) жерлеріне суға түсуі; спирттік ішімдік ішіп суға түсуі; балалардың ересектердің бақылауынсыз су жағасына баруы мен суға түсуі және олардың жүзе білмегендігі қайғылы оқиғаларға әкеліп соқтыруда. Бұларға қоса суға түсуге қауіпті аймақтарда азаматтардың рұқсат етілмеген жүзу құралдарын қолдануы және алғашқы көмек көрсету тәсілдерін білмейтіні су айдындарында жазатайым оқиғалар санының көбеюіне әкеліп соқтыруда.
Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастыруымен қаладағы бөлімшелер қызметкерлерін жұмылдыра 2021 жылдың мамыр айының басынан азаматтардың судағы қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуде. Қызметкерлер күшейтілген түрде қала аумағынан өтетін Сырдария өзені жағалауында және қала аумағында орналасқан су айдындарында сағат 20.00 – ге дейін рейдтікіс-шараларын жүргізуде. Рейд барысында белігіленбеген аймақта суға шомылып жүрген 13 жеке тұлғаға ҚР ӘҚБтК 364 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Дегенмен, Басқарма тарапынан судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында белсенді жұмыстардың жүргізілуіне қарамастан, ауа райының қатты ысуына байланысты тұрғындардың су айдындарының суға түсуге белгіленбеген жерлеріне суға түсуі, соның салдарынан суда қаза болу жағдайлары азаймай отыр. Үгіт насихат жұмыстары бойынша жергілікті баспада 7 мақала, әлеуметтік желілерде 12 материал,
рейд барысында 533 дана үнпарақ, дауысзорайтқыш автокөлігі арқылы адамдар көп шоғырланатын орындарда күнделікті жүргізілді.
Құзырлы органдармен бірлесіп, қаланың көрнекті жерлеріне, 4 жерге бильборд және суға шомылуға тыйым салынады деген 5 тақтайша орнатылып, қазіргі таңда тақтайшалардың жалпы саны 37 тақтайшаны құрайды.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының негізгі бағытының бірі болып табылады. Қала аумағында жасөспірім балалардың терезеден құлау жағдайлары жиі орын алып жатқанын білдіреді. Атап айтқанда: Ағымдағы жылдың басынан қазіргі күнге дейін қала көлемінде 5 жағдай тіркеліп, нәтижесінде жасөспірім балалар ауруханаға жеткізілді. Көп жағдайда 2 жастан 7 жасқа дейінгі балалар терезеден құлау қаупіне жиі ұшырайды, себебі бұл жастағы балалар терезе алдында ойнаудың қаншалықты қауіпті екендігін түсінетін жаста емес.
Осыған байланысты 2020 жылғы сәуір айынан бастап Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы қала аумағында орналасқан мөлтек аудандарда орналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің тұрғындарына үгіттеу түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Іс-шара барысында қала тұрғындарына көп жағдайда 2 жастан 7 жасқа дейінгі балалар терезеден құлау қауіп-қатеріне жиі ұшырайтыны, бұл жастағы балалар терезе алдында ойнаудың қаншалықты қауіпті екенін түсінбейтіндігін және қайғылы жағдай болмас үшін не істеу керек екендігін дауыс зорайтқыш құрылғысымен аула аралау арқылы түсіндірілуде. Сонымен қатар, көп қабатты тұрғын үйлердің кіре-берісіндегі есіктеріне арнайы дайындалған үнпарақтар ілініп, мөлтек аудан тұрғындарына таратылуда. Сонымен қатар Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнамада көп қабатты ғимараттардың терезелерінде қауіпсіздік құлыптарын орнату туралы талап негізінде тұрғындарға үгіттеу-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында, 30-ға тарта көп балалы аналардың пәтерлерінің .терезелеріне арнайы қауіпсіздік ілмешегі орнатылды. Бұдан бөлек, мектеп басшыларына терезеге қауіпсіздік құлыптарын орнату қайғылы оқиғаны азайтудың тетігі екендігі түсіндіріліп, тұрғындарға терезеге қауіпсіздік құлыптарын орнату міндеті онлайн түсіндірме жұмыстары арқылы жеткізілуде. Жоғарыда аталғандар негізінде, балалардың терезеден құлауы бойынша іс-шаралар әр-аптаның жұма күні мөлтек аудандар мен барлық көп қабатты тұрғын үйлер аумағында тұрақты түрде жалғасын табатын болады

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған