"Ақмешіт ақшамы"

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Тұрғындар депутатқа не айтты?

Автор:QAA.kz

Фев 22, 2022

Елордадан елім деп келген халық қалаулысы Балайым Кесебаева Қызылорда қалалық «Nur Otan» партиясының филиалында қоғамдық қабылдау өткізді. Үш сағатқа жуық қабылдау уақытында қалалықтар мен қатар аудандардың тұрғындары да келіп өз ұсыныстарын жеткізді. Көпшіліктің көптен бері қозғап жүрген мәселесін депутат Кесебаева да тыңдап, қойын дәптеріне түртіп, бұл мәселелерді жоғарыға ұсынатындығын айтты. Елдің күтері кері байланыс. Әйтпесе, талай жерге арыз жазып жүрген жұртқа жауап берілмейтін де көрінеді. Осы орайда, қабылдауға келген көп азаматтың нөмірін депутат өзі жазып алып, бір хабарын жеткізетіндігін түсіндірді.

Депутаттың қабылдауында болған азаматтардың бірқатары жеке мәселелері туралы шешімін таппаған жағдайлар бойынша көмек сұраса, кейбір азаматтар әлеуметтік мәселелерді қозғады. Атап айтқанда, тұрғын үймен қамту, жер алу,жұмысқа орналасу, тергеу істеріне қатысты мәселелер қамтылды.

Азаматтар арасында ауыл шаруашылығы саласындағы субсидияға қатысты да сауалдарын қойды. Сонымен қатар шағым білдірушілер қоғамдық мәселелермен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтар тарапынан санаториялық-курорттық емделуге ықпал және әлеуметтік көмекшіге қосымша қаржы қарастыру жайын көтерді.

Сәулет мөлтек ауданындағы Қара Бура көшесінің тұрғыны, барлық көше тұрғындарының атынан келіп, өз маңында жүйелі жолдың, жарықтың жоқтығын айтты. Асфальтталған жолдың өзі бір аяқ, ені тым тар көрінеді. Ең сорақысы, балалар кешке мектептен қайтарда осы көшесінің үстін кезіп жүретін көрінеді. Жарығы да, жаяулар жолы да жоқ көшеде оқыс жағдай болып қалмаса екен дейді тұрғындар.

Осы ретте биылғы бүйжетте бекітілген жол жөндеу жұмыстары жоспарына сай Қара Бураның жағдайы жасалатындығы айтылды. Сондай-ақ, аталған көше маңынан соңғы уақытта ыза су көп шығады. Ыза судың салдарынан тұрғындар дұрыстап бау-бақша да еге алмай отырған көрінеді.

Осыған ұқсас жағдай, аталған мөлтек ауданның Қойсары Батыр көшесінде де қозғалып келеді. Ол жақпен де балалар жаяулатып мектепке барып, келеді. Жетіспей тұрғаны жаяулар жолы ғана. Осы және өзге де мәселелер қоғамдық қабылдауда талқыланып, тиісті ақпараттар алынды. Қоғамдық қабылдаудың анық мән-жайын газетімізден оқи аласыздар.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *