QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Сенатор М.БАҚТИЯРҰЛЫ: СУ АЛТЫННАН ДА ҚЫМБАТ БОЛАДЫ…

ByQAA.kz

Мау 11, 2021

Туған жерім Сыр бойы екінші жыл су тапшылығына ұшырап отыр. Сырдария өзенінің деңгейі тобыққа дейін төмен түсті. Айрықша қуаңшылық, табиғи шөптің курап қалуы, көлдердің тартылуы мал басының өліміне алып келуде. Бұндай жағдай Түркістан облысының кейбір аудандарында да болып жатыр. Үкімет кеш болса да біршама әрекет жасауда, бірақ бұл мәселе Орта Азия мемлекеттерінің басшылары бас қосып, саяси шешім қабылдамайынша шешілмейді. Ірі сарапшы ғалымдардың пікіріне сүйенсек, 2040 жылы Сырдария өзенінің бастауы болып табылатын Тяньшань мұздақтарының көлемі үш есеге дейін азаяды, демек су көлемі де сол шамаға кемиді. Оның үстіне сол кезге қарай Орта Азиядағы бес елдің халық саны тоқсан миллионға жетеді деген болжам бар. Су тұтыну бірнеше есе өседі, яғни бұл су алтыннан да қымбат болады деген сөз. Не істеу керек? Біріншіден, суды көп қажет ететін дақылдарды барынша азайту керек және олар пайдаланатын судың тарифын бірнеше есе көтерген дұрыс. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының суды көп қажет етпейтін бау-бақша, жем-шөп өнімдерімен өңірлерді қамтамасыз етуге толық мүмкіндіктері бар. Сондықтан да Үкімет су үнемдейтін ең озық технологияны толыққанды енгізуге мүдделілік танытып, мұны тікелей субсидиялау арқылы қолдауы қажет.

Екіншіден, Арал теңізінің қасіреті бір Қазақстанның ғана емес, бүкіл Евразиялық құрылыққа ортақ мәселе. Кеңестік кезеңде Обь, Енисей өзендерінің суларын Аралға бұру туралы мәселе бірнеше рет қозғалған болатын. Бірақ Кеңес одағы тарағаннан кейін бұл жоба жабылып қалды. Қанша саяси шешім қабылдау керек екендігіне, қаншалықты қымбат тұратынына қарамастан бұл мәселе қайтадан көтеріліп күн тәртібінен түспеу керек деп есептеймін. Аралдан айырылса онда оның экологиялық зардабы барлығынан да қымбат болатыны сөзсіз.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған