"Ақмешіт ақшамы"

Сарқылмасын Сыр-Ана!

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХІІ СЪЕЗІ ДЕЛЕГАТТАРЫ САЙЛАНДЫ

Автор:QAA.kz

Фев 23, 2022

Бүгін онлайн және офлайн форматта облыстық партия филиалы Саяси кеңесі отырысы өткізіліп, онда партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен а.ж. 1 наурызына шақырылған кезектен тыс ХХІІ съезге өңірден қатысатын делегаттар сайланды.
Бүгінде партия қаңтар айында өткен кезектен тыс ХХІ-ші съезде алға қойылған міндеттерді сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмыстарды үйлестіруде. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы өзіне жүктелген міндеттерді қайта қарап, барлық партиялық органдардың, фракцияның, қоғамдық кеңестердің жұмыс тиімділігін арттыру жұмыстарын қолға алды. Партия филиалдары жанындағы қоғамдық кеңестердің 2022 жылға арналған жоспарлары мен құрамдары жаңартылды.
Барлық сайлауалды міндеттемелер толық көлемде орындалуы үшін фракция отырыстарында әрбір елді мекен бойынша өңірлік сайлауалды бағдарламалардың 2021 жылғы іске асырылуына талдау жасалынды. Сондай-ақ, партияның «Jas Otan» жастар қанатының алдына бірқатар нақты міндеттер қойылып, жастарды партия маңына біріктіру жұмыстары жүргізілуде.
Партия жұмысын жаңаша жүргізу бойынша облыстық және аумақтық партия филиалдарымен мәслихаттардағы фракция мүшелерімен, аймақтағы БПҰ-мен, эксперттер мен ғалымдармен, партия ардагерлерімен, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдерімен кездесулер өткізіліп, партия жұмысын жаңғырту бойынша ұсыныстары талқыланып, жинақталды.
Өздеріңіз байқап отырғандай партиямен үлкен жаңару жұмыстары көзделуде. Осыған орай алдағы съезде партия жұмысын жаңғыртудың негізгі бағыттары айқындалатын болады.
Бұл тұрғыда алдағы съезд партия трансформациясына мұрындық болып, жаңа көшбасшы партия жұмысының жаңа жұмыс тәсілін белгілеп береді және саяси модернизация тек партияны жаңғырту арқылы жүзеге асады деп ойлаймыз.
Партияның іргесі қаланған күні өтетін съезде дамудың жаңа бағытының белгіленуі айтулы оқиға десек, Төраға реформалардың жоғары қарқынын белгілеп, партия мүшелерін Жаңа Қазақстан құруға жұмылдырады, ал жаңарған партия өз кезегінде оны толық қолдайды.
Сондықтан партия елдегі қоғамдық-саяси жағдайға сәйкес өз жұмысын күшейтіп қана қоймай, Төраға қойған міндеттерге сай еңбек етіп, партия жұмысында жаңа қадамдар жасалады.
Жалпы алдағы съезге облыстан делегаттар сайлау өткен кезектен тыс ХХІ съездегі секілді партия Жарғысына сәйкес жүргізіліп, делегаттарды БПҰ жиналыстары мен аумақтық, облыстық филиалдар конференцияларында емес, Саяси кеңес отырысында сайланды. Сонымен бірге делегаттар әрбір облысқа бөлінген арнайы квота бойынша ұсынылды. Бекітілген квота бойынша облыстан съезге қатысатын делегаттар саны 18 адам. Съезд онлайн форматта өтетін болады.

Л.Төрешова
«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *